2.10.2025, 12:30
Оқылды: 165

Казталовта қарттар дойбы, шахмат және теннис ойнап сайысқа түсті

 

Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік спорт шарасы өтті.

IMG_9067 (1)

- Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарияларға үлкен мән беріп, үкімет тарапынан зор қамқорлықтар жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан аяулы қарияларымыздың арқасында біздер еркін елде жарқын өмір сүріп жатырмыз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына, - деді ауыл үлкендерін құттықтаған Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев.
Шара соңында аудандық «Айбын» спорт клубының қызметкерлері айтулы мерекеге орай өткен дойбы, шахмат, теннис, шығыршыққа доп лақтыру жарыстарының жеңімпаз жүлдегерлерін марапаттады.
Аталмыш жарыс жүлдегерлері төмендегіше анықталды.

Шахмат

Сәтиев Махмет (Жалпақтал) — І орын
Абдрахманов Қыдыр (Жалпақтал) — ІІ орын
Бисенғалиев Сәрсенғали (Жалпақтал) — ІІІ орын

Дойбы

Сәтиев Рахмет (Жалпақтал) — І орын
Габдуллин Талғат (Қараөзен) — ІІ орын
Габдушев Асқар (ЖАӘҚКО) — ІІІ орын

Үстел теннисі

Сатыбалдиев Ғаділбек (Жалпақтал)  — І орын
Шайхиев Ерғали (Қараөзен) — ІІ орын
Каразимов Ізтілеу (ЖАӘҚКО) — ІІІ орын

Шығыршыққа доп лақтыру

Хайдарова Гүлайым (ЖАӘҚКО) — І орын
Зверов Сергей (ЖАӘҚКО) — ІІ орын
Мұхамбетова Магрипа (ЖАӘҚКО) — ІІІ орын
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, кубок, медалдармен марапатталды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале