15.11.2024, 21:00
Оқылды: 134

Казталовта қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Айдар Менеев қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

image-15-11-24-06-00

— Қазіргі таңда мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Еліміздің дамуы аталған саламен тікелей байланысты. Бұл ретте сала мамандарының еңбегі ұшан теңіз. Бүгінгі кездесуде қаржы саласының ардагерлерінің қатысуы аға буын мен жас буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығының жалғасын көрсетіп отыр. Еліміздің, қала берді ауданымыздың қаржы секторын дамытуда сала ардагерлерінің еңбегі зор екенін мақтанышпен атап өтуге болады. Сіздердің сара жолдарыңыз жас ұрпаққа үлгі! Барша қаржы саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін аудан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге қосқан елеулі үлестеріңіз, еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақ шаттығын, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Айтулы мереке қарсаңында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетоваға Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғысхаты табысталса, Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Есболат Майжанов, Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Салтанат Бекеева, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің есепшісі Ақмарал Ғазизова аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталды.

Кездесуде Казталов ауданының қаржылық әлеуетінің өткені мен бүгіні талқыланып, сала ардагерлері мен мамандар өз пікірлерімен бөлісті.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале