Кеше бірнеше рет облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда еліміздің көк байрағын желбіреткен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері Қауметов Нұрлан Қажиақпарұлының 70 жасқа толуына орай қазақ күресінен 2014-2015 және 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, БҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры, Нұрлан Қауметовтің шәкірті Абай Бакманов, Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, Нұрлан Қауметовтың төл шәкірті Бейбіт Мәдиев және көптеген шәкірттері мен бірге өскен достары қатысты. Онда мәртебелі меймандар құттықтау сөз сөйлеп, Алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар көрсетіп, ардагер спортшының шәкірттері өздерінің құрметті бапкеріне сәйгүлік мінгізді.

Нұрлан Қажиақпарұлы өз кезегінде еркін күрестен аудандық және облыстық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, республикалық жарыстардың жүлдегері атанған ардагер спортшы. Ол шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оның тәрбиелеген спортшылары республикалық, халықаралық және әлемдік деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары атана білді. Атап айтар болсақ, Қазбек Акмалиев 1992 жылы Голландияда өткен дүниежүзілік ойындардың чемпионы, Нұфтолла Түменов 1993 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2025 жылы Бейбіт Мәдиев ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Жалпақтал спорт кешенінде өтен айтулы жарысқа Орал, Ақжайық, Бөкей Орда, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Шыңғырлау, Теректі, Казталов аудандары мен Жалпақтал ауылының спортшылары қатысып, өзара бақ сынасты.
Тартысты өткен жарыс қорытындысында төмендегі палуандар өз салмақ дәрежелері бойынша жүлдегерлер қатарынан табылды.
(2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасынан)
29 келі:
І орын — Амир Құттыбаев (Жекпе-жек, Орал)
ІІ орын — Нұрберген Казиуллин (Жалпактал)
ІІІ орын — Азат Атанбек (Жәнібек)
ІІІ орын — Диас Батырғали (Жалпактал)
32 келі:
І орын — Жарқын Бақтығали (Көктерек)
ІІ орын — Нұрсұлтан Нұрбекұлы (Жалпақтал)
ІІІ орын — Тайман Исатаев (Орал)
ІІІ орын — Рахмет Болат (Ақжайық)
35 келі:
І орын — Ақжан Мейрболат (Жекпе жек, Орал)
ІІ орын — Әли Дауылбай (Киров ауылы)
ІІІ орын — Қайрат Мұрат (Ақжайық)
ІІІ орын — Нұртөре Саясатұлы (Ақжайық)
38 келі:
І орын — Нұрсаят Қалел (Теректі)
ІІ орын — Артур Уалиуллин (Жалпақтал)
ІІІ орын — Қайсар Дауылбай (Киров ауылы)
ІІІ орын — Әмір Дархан (Жалпақтал)
42 келі:
І орын — Әлихан Арманбекұлы (Жаңақала)
ІІ орын — Мұрагер Қанат (Бостандық)
ІІІ орын — Абылай Есболай (Ақжайық)
ІІІ орын — Дәулет Сырғабек (Жаңақала)
(2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасынан)
29 келі:
І орын — Қайсар Батырхан (Жалпақтал)
ІІ орын — Айбол Мереке (Ақжайық)
ІІІ орын — Арсен Шакиев (Жәнібек)
ІІІ орын — Махамбет Берхат (Көктерек)
32 келі:
І орын — Шыңғыс Искаков (Жекпе жек, Орал)
ІІ орын — Арлан Қайргелді (Жалпақтал)
ІІІ орын — Аят Рафих (Бөкей Орда)
ІІІ орын — Ерсұлтан Бейбіт (Қарасу)
35 келі:
І орын — Шыңғыс Жукасов (Теректі)
ІІ орын — Жомарт Ғұмаров (Жәнібек)
ІІІ орын — Ақат Орынғали (Бостандық)
ІІІ орын — Мадияр Темірболат (Жекпе жек, Орал)
42 келі:
І орын — Ерасыл Бисенғали (Жалпақтал)
ІІ орын — Қайсар Болат (Ақжайық)
ІІІ орын — Ерхан Талғат (Спорт интернат, Орал)
ІІІ орын — Мұхамат Ержан (Спорт интернат, Орал)
46 келі:
І орын — Айсұлтан Мәлік (Спорт интернат, Орал)
ІІ орын — Нұрдос Жұмағали (Теректі)
ІІІ орын — Ақылжан Асланбекұлы (Жалпақтал)
ІІІ орын — Сәкен Айболат (Жалпақтал)
50 келі:
І орын — Айбол Амангелді (Спорт интернат, Орал)
ІІ орын — Уәлихан Қайнеш (Жалпақтал)
ІІІ орын — Ернұр Қайыр (Бөкей Орда)
ІІІ орын — Исламбек Қазихан (Бөкей Орда)
+50 келі:
І орын — Нұрхан Тоғжан (Ақжайық)
ІІ орын — Мадияр Ерсайынов (Жекпе жек, Орал)
ІІІ орын — Қадыржан Нұрсұлтан (Теректі)
ІІІ орын — Нұрасыл Ақтай (Жалпақтал).
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы