6.02.2025, 22:00
Оқылды: 345

Казталовта келелі кеңес отырысы өтті

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиевтің төрағалығымен ішкі саясат мәселелері бойынша кеңес өтті.

 image-06-02-25-08-02

Жиынға Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Дархан Оразов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Аңсар Ибраев, ауылдық округ әкімдері, аудан ардагерлері, ауылдық округтердегі жастар жетекшілері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

Кеңесте ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар, алдағы міндеттері мен ақпараттық жұмыстар, еңбек адамдарын дәріптеу сияқты жұмыстар талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ішкі саясат саласында атқарылған жұмыстар туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова, аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы жөнінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, Казталов аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газеті редакциясының атқарған жұмысы туралы аудандық «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Қайрат Жақып баяндама жасады.

image-06-02-25-08-02-1

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Болатқызы, «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Дархан Зайноллаұлы қосымша баяндама жасап, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кеңесте аудандағы гендерлік саясатты іске асыруда, әйелдердің әлеуетін дамытуда үлестерін қосқан бір топ белсенді нәзік жандылар марапатталды.

image-06-02-25-08-02-3

Аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Жалпақтал ауылдық округінің «Шапағат» әжелер ансаблінің мүшесі Галина Сергейқызына, Қайыңды ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы, «Әжелер шапағаты» әжелер ансамблінің мүшесі Шолпан Серікбайқызына, Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Мүтиғоллақызына, Қарасу ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы, мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Толқын Халиоллақызына, Көктерек ауылдық округінің «Айшуақ» әжелер ансаблінің мүшесі Ақзия Шоңбаеваға, Жалпақтал полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Гүлдара Мұратқызына, Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы, аудан әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Дана Абатқызына, Талдықұдық ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Жанна Наурызқызына, іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі Ақгүл Ғұсманғалиқызына, Жаңажол ауылдық округінің «Ақкөлім» әжелер ансаблінің жетекшісі Рая Сағынғалиқызына алғыс білдіріп, аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

image-06-02-25-08-02-4

Келелі кеңеске қатысушылар ұлттық құндылықтар, ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер жөнінде, оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі туралы ойларымен бөлісіп, қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу жөнінде әңгімелесті.

image-06-02-25-08-02-5

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале