17 маусым күні инспекторлар киікті атқан азаматтарды ұстады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының инспекторлары киік күзету шаралары кезінде Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының Қарасу ауылына қарасты «Сүттігенді» мекенінің аумағында ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатқан. Автокөлік рөлінде 1978 жылғы Н.М. болса, қасында 1999 жылғы У.Н. және 2000 жылы туған У.Д. болған.
Тексеру барысында аталмыш автокөліктен мүйізі бар 4 киіктің басы, 12-інші калибрлі 2 ұңғылы мылтық, 14 оқ, бір қолды ара мен 2 пышақ табылған. Инспекторлар көлік ізін кесу арқылы 4 киіктің төшкесін анықтаған. Оқиға болған жерге Қазталов аудандық ІІБ-нің жедел тергеу тобы шақырылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 377 бабының 4-б, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Нұрлыбек Рахманов
zhaikpress.kz