10.09.2024, 23:30
Оқылды: 4

Казталовта кітапқұмар жандардың байқауы қорытындыланды

Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Жас ұрпаққа кітаптың қадірі мен қасиетін, оның, мол қазынасын ұғындыру, балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру ұлт келешегінің жарқын болуы үшін жасалатын игі қадамдардың бірі. 

image-10-09-24-10-31-2

Бүгін Казталов аудан әкімдігінің қолдауымен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен осындай игі мақсаттағы көздеген «Мен оқыған 30 кітап» жобасының жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. Жобаға Казталов ауданының 5-11 сынып оқитын кітапсүйер оқырмандары қатысып, бақтарын сынады. Балалар оқыған кітаптарының мазмұны бойынша тест тапсырып, жоба нәтижесі қорытындыланды.

image-10-09-24-10-31-3

Байқауға қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан жазушылар одағының БҚО филиалының директоры, «Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлы Ғубайдуллин, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Қыдыр Харесұлы Абдрахманов, “Қазақстанның құрметті кітапханашысы” төсбелгісінің иегері, Қараоба ауылдық модельді кітапханасының кітапханасы Лаура Әдиетқызы Бердіғалиева төрелік етіп, кітапқұмар оқушылар арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап - тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады. Кітап оқу – дүниетанымымызды, рухани байлығымызды дамытады.

Кітапқұмарлар бақтарын сынаған бәсекеде сахна төріне шақырылып, шараның естелік сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, белсене қатысқан жоба қатысушыларын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ернар Аққалиұлы диплом және естелік сыйлық табыс етсе, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы және әділқазы мүшесі Лаура Әдиеткызы 30 мың теңгелік сертификатқа ие болған оқушыларды марапаттады.

image-10-09-24-10-31-4

Жүлделі ІІІ орынға ие болған Азиза Айбарқызы, Сәнім Манасқызы, Аяулым Серікқызы, Айман Миржанқызы атты оқырманға 100 мың теңгелік сертификат, сайыстың ІІ орын жүлдегері Айша Медетқызы, Бахтияр Бауыржанұлы атты оқырманға 200 мың теңгелік сертификат және І орын жүлдегелері Рамина Арманқызы, Нұрайым Нұрланқызына 300 мың теңгелік сертификатты салтанатты түрде табыс етілді.

Салттанатты шара соңы Динара Әубекерованың "Ана" әнімен аяқталды.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале