3.09.2018, 12:10
Оқылды: 91

Қазталовта қоғам қайраткері Қабира Салықоваға арнап бюст қойылып, өлкетану музейі ашылды

Қазталов ауданы Бостандық ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Қабира Салықоваға арнап бюст қойылып, ауылдың тарихынан сыр шертер өлкетану музейі ашылды.

 bostandyq (3)

Қос оқиғаның жүзеге асуына құқық қорғау саласының ардагері, Қабира Салықованың ұлы Ғиният Салықов мұрындық болды. Музейді жасақтауға 1,5 млн. теңге қаражат бөліп, жәдігерлер тарту етті. Сонымен қатар музей жұмыстарына ауылдың азаматтары да атсалысқан болатын.

Шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков бостандықтық ағайынды құттықтап, игі іс бастаған Ғ.Салықовқа елдің атынан алғыс айтты.

Қоғам қайраткерінің бюстіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін, көпшілік музейдің ашылу салтанатына қатысты. Айта кету керек, музейдің бір залы Қ.Салықоваға арналған. Жұмыс үстелі, пайдаланған заттары, жеке кітапханасынан алынған кітаптары да бар. Сондай-ақ залда қазақ зиялыларының өмірінен ақпарат беретін фото суреттер көрмесі бар.

         Ауыл әкімі Манарбек Сүндетовтің айтауынша, жаңадан ашылған музейге ауыл тарихын баяндайтын экспонаттар жинақталу үстінде, қосымша тағы екі зал ашылмақ.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

bostandyq (1) bostandyq (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале