Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкіімі Асланбек Сарқұлов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мағауия Есмағұлов, қоғамдық кеңес мүшелері және күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты бөлім басшылары қатысты.
Кеңес тәртібінде 2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданының бюджеті туралы 2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы, Казталов ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту, Казталов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту жөніндегі мәселелер талқыланды.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібіндегі 2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданының бюджеті және 2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Мусин баяндап берді. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов "Казталов ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" хабарлап, қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Төртінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Мәншук Батырова хабарлама жасады.
Жиында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан Казталов ауылдық ішкі жолдары, ауылдық округтердің ішкі жолдары, кітапхана автокөлігінің жағдайы туралы мәселелерді қозғап, тиісті жауаптарын алды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, тиісті қарар қабылданды.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы