9.09.2024, 15:45
Оқылды: 179

Казталовта қоғамдық штаб АЭС салуды қолдайды

Казталов аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған қоғамдық штаб төрағасы Сәрсенбай Молдашев Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Оның құрамына үш саяси партияның депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестік, қоғамдық ұйым өкілдері кірді.

C5881998-8FBF-4C8C-8446-08F557A27C6C

Штаб отырысында Сәрсенбай Меңдіжанұлы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып, ондағы негізгі бағыттарды тарқатты.

Әсіресе, Мемлекет басшысы: «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын» деген болатын.

7DDEC5B5-7774-45B1-8487-BA3D9A8FCD3E

Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру. Мәслихат төрағасы бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтіп, штаб мүшелерінің назарына Атом электр станциясын салудың еліміз үшін маңыздылығына тоқталды. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр.

Сондықтан қоғамдық штабтың басты міндеті – қоғамға Атом электр стансасын салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту.

Қайрат Жақып
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале