29.07.2024, 18:00
Оқылды: 6

Казталовта көпір жөнделіп жатыр

Биыл Казталов ауданының шалғайдағы Болашақ, Қайыңды ауылдық округтері тұрғындарына аудан орталығымен қатынауда қиындық туған еді. Екі ортаны жалғайтын Қараөзен өзені үстіндегі қалқымалы көпір тасқын судың салдарынан істен шықты. Мәселе ел тізігінде жүрген азаматтардың назарынан тыс қалмай, аудандық бюджет есебінен тиісті қаражат та бөлінді. Бүгінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

DD652C7A-35BB-4266-8067-C3099C99E2F4

Жөндеу жұмысын «Уральская Судостроительная Судоремонтная Судоходная Компания» ЖШС қызметкерлері жүргізіп жатыр. Бұл мекеме өкілдері Орал қаласында алдын ала дайындық жұмыстарын бітіріп, ендігі кезекте көпір орналасқан жерде жұмыс жасауда.

8EC0272E-2CF5-4EE3-9A3B-59DEDE820736

Барлық жұмысты Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашев өзі бақылауға алып, округ тұрғындары тарапынан қажеті көмек те ұйымдастыруда.

55BBA0A5-8183-4390-B175-6324D7E0119B

4AF92189-F17E-4D73-8C8C-3541E153C7D2
— Көктемгі су тасқыны кезінде қалқымалы көпір қирап қалған еді. Соның салдарынан өзен үстінен өтуге тиым салынып, екі арадағы қатынасқа қиын болды. Болашақ, Қайыңды ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін Ақпәтер, Жалпақтал ауылдары арқылы өтетін жолмен айналып, біраз шақырымды артқа тастайтын. Енді міне, көпіріміз жөнделіп жатыр. Жөндеудің жүруіне септігін тигізген барлық азаматтарға алғыс айтамыз, - дейді Қайыңды ауылының тұрғыны Жасталап Серкешбаев.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале