5.07.2024, 17:00
Оқылды: 116

Казталовта қос мереке атап өтілді

Казталов аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана күніне орай «Жасай бер, жайна – Астанам!» және Ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның қазынасы домбыра» атты мерекелік шара өтті.
156D9897-5C8B-4DB0-B5A1-8E4B9DF8E093
Нұргелді Камаледдинің «Домбыра – асыл мұра» атты оқыған поэзиясы көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, К.Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада» әнін Сыйлық Құсайынова нақышына келтіре шырқады.
Домбыра – ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. 2018 жылғы 13 маусымдағы №699 қаулымен қайта жаңғыру және ұлттық мәдениетті сақтау мақсатында шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып айқындалды.
Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасындағы қазақ жұрты бүгінде Ұлттық домбыра күнін кең көлемде атап өтіп жатыр. Күмбірлетіп күй төгіп, әуелетіп ән салып, бір сәт мәңгілік елдің асыл мұратын асқақтатып, арман мүддесін абырой  биігіне қалықтатуда.
A00A21C6-2639-4E23-9750-595E0D05D131
Бүгінде ауданымыздың төрт ауылдық округінде Домбыра монументтері орнатылған болса, жуырда түлектердің Жалпақтал ауылына тарту еткен темірден түйін түйіп талай туындыны жарыққа шығарған жас шебер Сайранбек Қажиақпаровтың туындысы «Алтын домбыра» монументін зор мақтанышпен айта аламыз.
6 шілде – біздің еліміздегі елеулі күндердің бірі. Астан күні – еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы. Тарихы мен табиғаты, сәулеті мен бүкіл тіршілігі дара, күйіміздің күмбірі, тарихымыздың түндігі, жас қала Астана күн сайын әлем жұртын көркімен таңғалдырып келеді.
Күні кеше Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммиты өтті. Саммит ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
EAFBFD2B-E31B-443C-9099-6EF7E6C0C798
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мемлекеттік мереке Астана күні және қазақ халқының болмысын айшықтайтын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, алғысхаттар табыстады.
Мерекелік кеш аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале