17.06.2024, 11:00
Оқылды: 170

Казталовта Құрбан айт мейрамы тойланды

Құрбан айт – мейірім мейрамы. Бұл күні мұсылмандар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, көңілі жабырқаған жандарға қуаныш сыйлап, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, қуанышқа бөлеуі керек. Құрбан айттың мақсаты да осы – құрбан шалып, оның етін өзгелермен бөлісу арқылы адамдарға мейірім көрсетіп, жылу сыйлау.

2ABA627F-98CB-4484-904C-E2996DEF6135

Аллаға шүкір, бабаларымыздан мирас болған осы дәстүр, ізгі амал ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Казталов ауданы орталығындағы мешітте Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылды.

Намазға жиылған жамағатқа Казталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов мейрам туралы және құрбандықты шалу жөнінде түсінік берді.

668C48FD-4001-4DE1-8182-A8034930E971

Құбан айтқа орай «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен аудан тұрғындарының арасынан «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Қол күресі» сынды спорт түрлерінен жарыс өтті.

Жарыс нәтижесінде арқан тартыста Мешіт командасы І орын, Тереңкөл және Бірік командасы ІІ орын, Казталов командасы ІІІ орын иеленді.

Садақ атуда Азамат Қабдол І орын, Рустам Максим ІІ орын, Шыңғыс Сайытов ІІІ орын иеленді.

Ал білектің күші сыналған қол күресінде Мерхат Ибатов І орын, Еркебұлан Уалишев ІІ орынға ие болса, І орын Әділжан Зейноллаға бұйырды.

FD324C52-1859-4944-AC3A-30A376E7C15B

Ұлық мейрамның ажарын айшықтаған ұлттық спорт түрлерінен сынға түсіп, жүлдеге ие болған азаматтар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале