«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері аудандағы жүзеге асып жатқан барлық құрылыстың сапалы атқарылуын жіті бақылауға алып отыр. Соның айғағындай партиялық бақылау комиссиясының мүшелері 15 шілде күні Жалпақтал ауылында болып, ауылдағы көше жолдарының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Биыл Жалпақтал ауылында 4,1 шақырымды құрайтын 7 көшенің күрделі жөндеу жұмыстары бастау алуда. Жалпақталдағы Д.Нұрпейісова, М.Мәметова, А.Құсайынов, Д.Фурманов, Жалпақтал, Сламахин, Ғ.Анесов көшелеріне қатқыл табанды жолмен қатар 3,5 шақырым жаяу жүргінші жолдың да құрылысы жүргізілмек. Құрылыс жұмыстарын «Айдана» ЖШС ұтып алған. Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, жол сапасына қатысты сын-ескертпелерін айтты.
Сонымен бірге партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Талдыапан ауылдық округінің Сарықұдық ауылындағы 60 орындық мектеп құрылысының басында болып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады.
Айта кету керек, Сарықұдық ауылындағы бұрынғы мектептің шатыры опырылып, мектеп ғимараты апатты деп табылған болатын. Былтырдан бастап жаңа мектеп құрылысы жүріп жатыр. Мектептің құрылыс жұмыстарын қызылордалық «Реалстройинвест» ЖШС ұтып алып, жұмыс атқаруда.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz