Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде мал азығы – шөптің саудасы үнемі қызу. Сауданың басында жүрген аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановты әңгімеге тарттық.
-Аудан бойынша 230 мың тонна мал азығын дайындау жоспарланса, 97,5 пайызға орындалып отыр. Қысқа мал азығын дайындауда шабындыққа су мол кеткен Қараоба, Көктерек, Қараөзен, Қарасу, Жаңажол және Талдықұдық ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындар мал азығын толығымен дайындап алды. Жалпы алғанда шөп шығымы гектарға шаққанда 3,5 және 5 центнерден өнім берді. Шөп шығымы аз Қазталов, Бостандық ауылдарына Болашақ, Талдықұдық ауылынан тасымал ұйымдастырып отырмыз. Аудан орталығына әкелініп жатырған бір бума шөптің құны 4000 теңге. Нарықтық бағаға жолдың қашықтығы мен жанар-жағармайдың қымбаттығы әсер етуде. Біз Талдықұдықтағы шаруа қожалықтарымен келісіп, 1000 бума шөп дайындаттық. Қазіргі күнде «Қауметов» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі сатып жатыр. Сонымен қатар Тасқала ауданындағы элеватормен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта ол жақтан да жем т. Шамамен жемнің бір тоннасы 45-50 теңге мың болады деп күтілуде. Ауданда мал азығын дайындау бір қалыпты және ауыл тұрғындарының сұранысын түгелімен қамтимыз,- деді С.Тоқпанов.
Қайрат ЖАҚЫП,
Қазталов ауданы