30.08.2025, 12:00
Оқылды: 278

Казталовта мекемелер арасында мерекелік жарыс өтті

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Жалпақтал ауылында футболдан мекемелер арасында мерекелік жарыс өтті.

IMG-20250829-WA0108

Бәсекелі сайыста жүлделі І орынды «Қос өзен» командасы,  ІІ орынды «Кәсіпкерлер» командасы, ІІІ орынды «К.Меңдәлиев ЖОББМ» командасы жеңіп алса, Жәбесов Наурызбек шебер ойын көрсетіп жарыстың «Үздік қорғаушысы», Имашев Оралбек жарыстың «Үздік қақпашысы», Дагоров Дархан жарыстың «Үздік шабуылшысы», Набиолла Асылхан жарыстың «Үздік ойыншысы» аталымдарына ие болды.
IMG-20250829-WA0096

Мерекелік жарыстың ашылу салтанатында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібекұлы мен аудандық мәслихат депутаты Мәди Сағынғалиұлы сөз алып, спорт жарысына қатысқан командаларды «Конституция күні» мерекесімен құттықтаса, жарысты ұйымдастырған аудандық «Айбын» спорт клубы атынан сөз алған Бекежан Жүсіпқалиев өз мекемелерінен команда жасақтап, жарыс көркін қыздырған спортшыларға шынайы алғысын білдірді.

IMG-20250829-WA0092

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале