Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында және Астана күні мерекесі қарсаңында Казталов ауданы орталығында аудандық спорт бөлімі және «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен волейболдан әйелдер арасында ауданның ішкі біріншілігі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудандық спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев волейболшыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ауылдық округтер мен аудандық мекемелерден қатысқан қыз-келіншектер ала допты тордан асыра соғып, тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Командалар арасындағы ойындар тартысты өтті.
Жарыс барысында үздік техника мен шеберлік көрсеткен Айгерім Шайхолла «Үздік байланыстырушы», Гүласыл Нұғманова «Үздік қорғаушы», Айкөркем Ғиляж «Үздік шабуылшы», Ақкенже Бостаева «Ардагер спортшы» аталымына ие болды. Жарыс нәтижесінде жүлделі 3 орынды Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтерінің құрама командасы, 2 орынды Казталов аудандық ауруханасы жеңіп алса, 1 орынды Казталов жастары командасы еншіледі
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы