Отбасын қолдау орталығында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Берік отбасы – баянды болашақтың кепілі» атты тағылымды кездесу кеші жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастарға үлгілі шаңырақтардың өмірін насихаттау, отбасылық бірлік пен берекенің маңызын ұғындыру болды.

Шараға үлгі боларлықтай берекелі, тату-тәтті отбасылар қатысты. Кеш барысында қоғамдағы отбасының рөлі, ата-ана мен бала арасындағы өзара құрмет пен түсіністік, үлгілі отбасылардың өмірлік тәжірибелері ортаға салынып, ұлттық тәрбие жайлы мазмұнды пікірлер айтылып, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында психологиялық тренингтер, отбасылық құндылықтар туралы бейнероликтер көрсетіліп, отбасы институтының беріктігін сақтау жолдары сөз болды.
Шара соңында шақырылған отбасыларға алғысхат пен естелік сыйлықтар табысталып, суретке түсті. Отбасылық жылылық пен мейірімге толы бұл кездесу қатысушыларға терең әсер қалдырды.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы