13.10.2025, 21:00
Оқылды: 482

Казталовта өткен кеңес отырысында шекаралық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен Қазталов ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
image-13-10-25-06-27
Кеңес жұмысына Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары, полковник Сүлейман Махмудов, Жәнібек шекара басқармасының консультанты, подполковник Тимур Жанысов, «Қосөзен» шекара бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Жандос Қинадин, «Алғай» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары, лейтенант Олжас Қуанов, сондай-ақ бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыста шекара маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселесі қаралды. Әсіресе, шекара аймақтарына бейнебақылау камераларын орнату жайы кеңінен талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар шекаралық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шекараға жақын орналасқан Болашақ, Қайыңды, Көпкүтір, Қошанкөл, Қазталов және Қараоба ауылдарына күн сәулесінен қуат алатын кабельді бейнебақылау камераларын орнату жөніндегі іс-шаралар жан-жақты талқыланды.
Кеңес барысында Қазталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, Қараоба ауылдық округінің әкімі Жалғас Сүндетов, Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Радж Шарипов, Болашақ ауылдық округінің әкімі Артур Берденов және Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Губашев өз округтерінде атқарылып жатқан жұмыстар мен ұсыныстарымен бөлісті.
image-13-10-25-06-27-1
Сонымен қатар, Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Ерғали Аймурзаев шекараға жақын елді мекендерде бейнебақылау камераларын орнатудың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ шекара аумағында мал қамайтын арнайы орын мен ұзын сымдар орнату жөнінде ұсыныс білдірді.
Кеңес соңында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Сарқұлов шекара маңындағы ауылдарға бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде тиісті бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале