Казталов ауданы орталығындағы «Amanat» партиясының мәжіліс залында «Amanat» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына «Amanat» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық жасап, комиссия жұмысына «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ернар Ілиясов, комиссия мүшелері, салалық бөлім басшылары қатысты.
Партиялық бақылау назарына іліккен Казталов ауданындық құрылыс бөлімінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айбар Серіков, аудандағы округтердің жолдардың қысқы маусымға дайындығы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов, мектептердің оқу жылына, қысқы маусымға дайындығы жөнінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсем Әміржанованың хабарламалары тыңдалды.
Комиссия күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Комиссия төрағасы Сәрсенбай Меңдіжанұлы партиялық бақылау жасалған әрбір жұмыс назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы