9 қазан – Дүниежүзілік пошта күніне орай Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов пошта саласынын ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады.
Қабылдауда сала ардагерлері Рысжан Қонақаева, Талшын Қуанова, Айсұлу Альмурзина еңбек жолында кездескен қиын да қызықты сәттерімен бөлісіп, қажырлы еңбектері жайында әңгіме өрбітті.
- Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған пошта қызметі заман талабына сай түрленіп, қоғам, халық тарапынан өзіне деген қызығушылығын жоғалтқан емес. Сондықтан да, жер шарының қай нүктесі болмасын, хат алмасып, сәлем-сауқат жіберуде еш кедергі жоқ. Аудандық мекеме жұмысы күнде де, түнде де тоқтамай, халық игілігіне қызмет жасауда. Уақытпен санаспайтын сала қызметкерлері ескерусіз қалмауы тиіс.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дүниежүзілік пошта күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге зор табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін, - деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада аудан әкімі Асланбек Сарқұлов сала ардагерлері мен қызметкерлеріне құттықтау хат пен гүл шоқтарын, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы