11.08.2020, 16:11
Оқылды: 54

Казталовта праймеризге қатысты әдістемелік көмек берілді

Былтыр «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі бекіткен, партияішілік іріктеуді өткізу ережесі жарияланды. Бұған дейін «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын.

13326860-2B6E-4507-B108-8D73929C30CF

 Осы орайда  Казталов ауданы орталығында «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиевтің жетекшілігімен партия мүшелері, ұйымдастыру комитеті, есеп комиссиялары мүшелерінің басын қосқан семинар өтті. Семинарға облыс орталығынан арнайы келген «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Төремұратов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев праймеризге қатысты әдістемелік көмек берді.

8A0586B5-2036-4782-8700-4D77A1BF4D2E

 Семинарда сөз алған «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев: - Партиямыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «партиялық тізімдерге халықтың әртүрлі бөлігінің өкілдері, беделді, азаматтардың сеніміне ие болған отандастарымыз кіруі тиіс». Әлеуметтік партиялық лифтті қамтамасыз ету – партиямыз үшін басты міндеттердің бірі. Сондықтан партия мүшелерімен қатар қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, дарынды да креативті барша қазақстандықты алдағы праймеризге белсенді қатысуға шақырамыз, - деді.

Сонымен бірге Мұрат Рахметұлы праймериздің негізгі мақсаты – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау туралы кеңінен түсінік берді.

 «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Төремұратов кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары мен оларға дауыс беру тәртібі туралы айтып берсе, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев кандидаттар арасында дебат өткізу туралы түсінік берді.

 Былтыр «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Шыңғырлау ауданында пилоттық жоба ретінде праймериз өткізген. Бұл аудандық филиал үшін алдағы праймериз өткізу жұмыстарында мол тәжірибе болары анық.

 Семинарға қатысқандар облыстан келген қонақтарға өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін де жолдады.

 Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале