4.06.2025, 12:45
Оқылды: 294

Казталовта рәміздер күні аталып өтті

Казталов ауданы Жалпақталдағы ауылдық кітапханада «Мемлекеттік рәміздер — ел мәртебесі» тақырыбымен Мемлекеттік рәміздер күні аталынып өтті.

IMG_7927

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен Тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын  белгі. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданып, Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді.
Рәміздер күнін атап өту жиынында мемлекеттік әнұран орындалып, Жалпақтал ауылдық округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев құттықтау сөз сөйлеп, айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында ауылдық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мектеп оқушылары елдік тақырыбында рухты өлеңдер оқыды. Мерекелік көңіл-күймен шараға келген қатысушылар рәміздер күнінен үлкен әсер алды. 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG_7938 IMG_7944

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале