25.10.2024, 13:10
Оқылды: 105

Республика күні: Казталовтa Мемлекеттік ту көтерілді 

25 қазан ­­­– Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы болатын.

IMG-20241024-WA0168

Араға жылдар салып қайта оралаған мерекенің маңызы да ерекше. Бұл күні Мемлекеттік туды көтеру рәсімі де айрықша мәнге ие.

Бүгінгі мереке күні Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудандағы мекеме, бөлім ұжымдары қатысты.

IMG-20241024-WA0186

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі ұлттық ойын арқан тартыс жарысының аудан, облыс чемпионы атанған, күні ертең Астана қаласында өтетін республикалық арқан тартыс жарысында бақ сынайтын Көктерек ауылдық округі арқан тартыс командасының ойыншылары Марлен Мақсотов пен Ғабит Ралитовке берілді.

Биік тұғырда орналасқан қасиетті көк Туымыз көк аспанда желбірген кезде мемлекеттік Гимн ойналды. Алыстан көзге ыстық көрініп, Гимнның әуенімен желбірген көк Тудың бейнесі шараға қатысушылар мен аудан тұрғындарының бойындағы патриоттық сезімін оятқаны сөзсіз.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале