13.06.2024, 11:15
Оқылды: 157

Казталовта мобильді қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін Казталов ауданында AMANAT партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. 

1D92FBBF-2C26-46F7-A26D-469B415FCD39

Оған AMANAT партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Әсел Қожахметова, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гауһар Шайхиниязова, AMANAT партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы Сәкен Ищанов, Казталов аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, «AMANAT» партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Казталов бастауыш партия ұйымының төрағасы Жоламан Тасболатов қатысып, аудан тұрғындарын ауданымызға ортақ және жеке де мәселелерімен қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері алдында аудан бойынша тозығы жеткен электр желілерін жөндеу, киік санын реттеу, аудан мектептерін жаңадан салу, күрделі жөндеуден өткізу, Жалпақтал аграрлық-салалық технологиялар колледжіне заманауи жаңа жатахана салу, Ресей Федерациясы мен екі арадағы Казталов–Фомин шекара бекетінен өтуді жеңілдету, балалар жазғы демалыс лагерьлерін жаңадан салу секілді елдің мәселелерін көтерді.

Қабылдау кезінде Казталов ауылының тұрғыны Өтеген Шоқпанов ағымдағы жылдың 27 мамыр күні тұрғын үйінің өртеніп кеткенін және осы күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен сараптама қорытындысын алмағанын айтты.

Ауыл тұрғыны сараптама қорытындысы алдағы уақытта тұрғын үй кезегіне тұру үшін және қаржылай көмек алуға қажет екенін жеткізді.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале