Казталов ауданы бойынша сағат таңғы 7:00-де Мемлекеттік Гимннің үнімен сайлау учаскелері ашылды.
Аудан орталығындағы №219 сайлау учаскесі де өз уақытында ашылып, референдум сайлау учаскесінің төрайымы Эльмира Сармалаева келген сайлаушыларға түсінік беріп, жалпыхалықтық референддум басталғанын жария етті.
Сайлау учаскесінің төрайымы ең бірінші болып таңдау жасауға келген Казталов ауылының тұрғыны Гүлжиян Идрисоваға алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы