Бүгін елімізде маңызы зор саяси дода. Казталов ауданының барлық сайлау учаскесі 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Сайлаушыларға сайлау шарттары таныстырылды.
Мемлекеттік Гимн шырқалған соң №219 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген Гүлжиян Идрисова болды.
Казталов ауылының тұрғыны еліміздегі саяси науқандардан қалыс қалмай, алғаш болып сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады.
- Еліміздің болашағына алаңдаған соң өз таңдауымды жасауға ерте келемін. Бұл менің азаматтық борышым. Сайлау әділ өтіп, халық қамын ойлаған азаматтар депутат болып сайлансын, - деді анамыз.
Аудан орталығы Казталов ауылындағы №220 сайлау учаскесі де жұмысын бастады.
Мемлекеттік гимн ойналғаннан кейін сайлау учаскесінің төрағасы Марс Малахов айтулы күнмен құттықтап, алғашқы дауыс берген ауыл тұрғыны Гүлайым Бұйрашеваға естелік сыйлық табыстады.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz