Казталов ауылындағы №220 учаскесінде сайлауға қатысу белсенділігі жоғары. Суреттерден көріп тұрғандарыңыздай, еліміз үшін маңызды күні сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасап жатқандардың ауылдастардың қарасы қалың.
Мұның аудан азаматтары ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді.
Аудандық-аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, сағат 10:30-да аудан бойынша сайлаушылардың 40,4 пайызы сайлауға қатысып, дауыс берген.
«Ауыл айнасы» ақпарат,
zhaikpress.kz