11.04.2025, 21:00
Оқылды: 92

Казталовта сексеннің сеңгірін бағындырған ауыл ақсақалына құрмет көрсетті

Бүгін Казталов ауылының ардақты азаматы, бар ғұмырын ауданымыздың дамуына арнаған сыйлы ақсақалы Сансызбай Уаресов сексеннің сеңгіріне шығып жатыр.

IMG-20250411-WA0067

Өмірдің биік белесін бағындырған ақсақалды Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов пен Казталов ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов арнайы барып, құттықтады.
Мерейлі жасқа жеткен Сансызбай ақсақалға ақжарма тілек жазылған алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Нұр Рахман
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале