23.03.2026, 8:46
Оқылды: 3

Казталовта су тасқынының алдын алу шаралары бақылауда

Казталов ауданы аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу және гидротехникалық нысандардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

e02e7163-cbbd-4bb1-9846-d900c959edd7

Осыған орай аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және «ҚазСуШар» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының Казталов учаскесінің бастығы Еркебұлан Ермұханов Қараөзен бойындағы су реттегіш қақпалардың жай-күйін, сондай-ақ Сарыөзен бойындағы «Шәкен» бөгетінің су өткізу мүмкіндігін арнайы барып тексерді. Тексеру барысында гидротехникалық нысандардың қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны және су өткізу әлеуетінің жеткілікті екені анықталды.

Аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы жауапты сала мамандарына су тасқыны кезеңінде барлық нысандардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

— Көктемгі су тасқыны кезеңінде әрбір нысанның тұрақты жұмыс істеуі – басты міндет. Қараөзен мен Сарыөзен бойындағы су деңгейін тәулік бойы бақылауда ұстап, қақпалардың уақытылы әрі тиімді реттелуін қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы – елді мекендерге қауіп төндірмеу, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау. Сонымен қатар ауданымыздың ауыл шаруашылығына бейімделгенін ескере отырып, көлдіктерге су шығару жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру маңызды. Бұл – мал азығын дайындаудың негізгі алғышарты. Осыған байланысты шаруа қожалықтарының су пайдалану бойынша келісімшарттарға ерте кезеңнен отыруын қамтамасыз ету қажет, — деді аудан әкімі.

5fe131e9-acfb-48c1-af0a-441bbbd591de

Сондай-ақ аудан басшысы Қараөзен, Жалпақтал, Жаңажол, Қарасу ауылдық округтерінің әкімдеріне су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейтіп, қауіпті учаскелерді тұрақты бақылауда ұстауды, тиісті мекемелермен үйлесімді жұмыс жүргізуді тапсырды.

Казталов ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале