21.06.2024, 17:40
Оқылды: 283

Казталовта төл мереке иелері құрметке бөленді

Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік   қызметшілер және Полиция күніне арналған салтанатты шара өтті. 

54E1A6C3-4AB6-41F8-AF19-67F263502487

Мемлекеттік қызметші – жоғары моральды жауапкершілігі  берік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алатын, адалдық,таза ниеттілік,белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие бола білетін,   мемлекеттік қызметтегі өз жұмысының маңыздылығын сезіне алатын өз елінің патриоты болуы тиіс. 

23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Елдің тыныштығымен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелері ол ішкі істер органдарының қызметкерлері тәртіп сақшыларының жұмысы уақытқа бағынбайды. Ел тыныштығын күні-түні күзетіп қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов:

– Баршаңызды кәсіби мерекелер – Мемлекеттік қызметші күні және Қазақстан Республикасының Полициясы күнімен  құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру» - деп мемлекеттік қызметшінің мақсатын айқындаған болатын. 

Ал ел азаматтарының тыныштығы мен бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету, құқықтық әлеуетін арттыруда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Бұл аса маңызды мемлекеттік құрылымның қызметкерлеріне артылар сенім де мол. Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілікті қажет етеді. Ауданымыздың ішкі істер саласының қызметкерлері де өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Бүгінде ауданымызда 75 полиция қызметкері және 139  мемлекеттік қызметші абыроймен еңбек етуде.

Саяси реформаларды жүзеге асыруда және ауданымызда жүзеге асырылып жатырған инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобаларда айрықша қолтаңбаларыңыз бар.  Сіздерге ауданымыздың әлеуметтік-экономиалық дамуына қосқан үлестеріңіз, қызметтегі елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен шаңырақ шаттығын, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!, - деді.

E6D4E677-BAEC-40EA-B7E3-EABCB84F201B

Мерекеде ісіне мығым, тірлігіне тиянақты, абыройлы міндетті жүктеген сала мамандарының ерен еңбегі мен төгілген тері тағы бір мәрте бағаланды. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облысы әкімінің, Орталық кәсіподақ комитеті, облыстық кәсіподақ ұйымының, аудан әкімінің алғысхаттарымен марапатталды. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ауылдық округ әкімдерінің жұмысының тиімділігі мен қызметтегі белсенділігін арттыру бойынша 35 көрсеткіштен тұратын бағалауда жоғарғы нәтиже көрсеткен ауылдық округтер  Тереңкөл әкімдігі аппараты ұжымы І дәрежелі, Бірік әкімдігі аппараты ұжымы ІІ дәрежелі диплом, Ақпатер әкімдігі аппараты ұжымы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер Ғафура Шынболатқызы Өтешқалиева мен Әлия Нәсіпқалиқызы Жақсыбаеваға «Ақжайық» санаториясына жолдама берілді.

Қоғам қауіпсіздігі мен азаматтардың тыныштығын күзететін полиция қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиевтің, Казталов ауданының полиция бөлімі бастығы полиция подполковнигі Марс Исатайұлы Белгібаевтың алғысхаттарымен марапатталды.

Әскер қатарын толықтыру мақсатында  көктемгі мезгілді науқанды жақсы жетістіктермен аяқтауға жоғарғы нәтиже көрсеткен округ әкімдіктерін Казталов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының алғысхатымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале