15.01.2020, 16:00
Оқылды: 12

Казталовта төтенше жағдай бөлімі есеп берді

Казталов ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімі мен №17 өрт сөндіру бекетінің өткен жылда атқарылған жұмыстары жөнінде есептік жиыны өтті.

436dabcb-2a92-4fc5-886f-9c655b8852ae

Жиынға арнайы БҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов, БҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Асқар Килишев қатысты.

Шара барысында өрт сөндіру бекетінің жедел-қызметтік жұмыстары қорытындыланып, биылға қойылатын міндеттері нақтыланды.

40fcac2b-97cf-4f7e-81a9-d818cf06582c

Жиында қызметкерлердің құрамы, жұмылдырылатын техниканың жағдайы және атқарылған істердің есебі тыңдалды.

Ақылбек Қосманұлы сөз алып, өткен жылы дала және үй өртінің едәуір аз болғандығын айтты. БҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Асқар Орынбасарұлы қызметкерлерге сыныптық белгі табыс етті.

Диана Бақсық

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале