1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі Қособа елді мекенінде жаңа бастауыш мектебі оқушыларына есігін айқара ашты.
Осы уақытқа дейін ескі ғимарат бастауыш сынып оқушыларына қиындық туғызып келген еді. Енді олар көне білім ұясындағы күндерін ұмытатын болды.
Мектеп құрылысын Қособа елді мекенінің тұрғындары өздері бастама көтеріп, «Асар» әдісімен 10 миллион теңге қаражатқа салып берді.
-Бүгінгі күннің талабымен салынған бастауыш мектеп қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Ауыл тұрғындары жаңа білім ордасында оқушылар білімін толықтай шыңдайды деп қуанулы. Олар мектептің келешегіне үлкен сеніммен қарайды. Білім ғимаратының салынуына зор үлесін қосқан барлық қособалық тұрғындарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді Талдыапан ауылдық округінің әкімі Артур Берденов.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz