14 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Берік Рахымғалиев, Есбол Сақауов, Аманжол Нығметов, Қуаныш Ермеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Казталов аудандық бөлімінде (ХҚКО) халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер тұрғындарға сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, партияның жеткен жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын сараптап, партияны қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы
Казталов аудандық филиалы