26.02.2026, 16:30
Оқылды: 42

Казталовта үкіметтік емес ұйым өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті

Казталов ауданында референдум мәселесіне арналған маңызды кездесу өтті. Жиын "AMANAT" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған аудан көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

image-26-02-26-02-18

Кездесу барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» бастамасының мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Спикерлер конституциялық реформалардың ел дамуына серпін беретінін атап өтіп, жаңа бастамалардың құқық үстемдігін нығайтуға, азаматтардың мүддесін қорғауға және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Жиында азаматтық сектордың қоғамдағы рөліне ерекше назар аударылды. Үкіметтік емес ұйымдардың халық пен билік арасындағы алтын көпір екені айтылып, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік бастамаларды қолдау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі сөз болды.

Қатысушылар ашық диалог алаңында өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, өңірлік деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, жастарды қоғамдық үдерістерге тарту және қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау мәселелері төңірегінде мазмұнды пікір алмасу өтті.

image-26-02-26-02-18-1

Кездесу қорытындысында референдум – ел болашағына қатысты маңызды саяси қадам екені атап өтіліп, әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі айрықша мәнге ие екені айтылды.

Ортақ мақсат – әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолында бірлік пен ынтымақты нығайту, ел дамуына үлес қосу.

 

Ернәсіл Рысқалиев,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале