30.03.2025, 12:30
Оқылды: 79

Казталовта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті

С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Казталов аудандық ауруханасы, Ұлттық сараптама орталығы Казталов аудандық бөлімшесі, Казталов ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Казталов ауданының полиция бөлімі ұжымдарының «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты концерттік бағдарламасы өтті.

photo-output

Мерекелік бағдарламада жеңіс жолындағы батырларымыздың жанқиярлық ерліктері мен қайсарлығын білдіретін қазақ және орыс тіліндегі “Кестелі орамал”, “Ана туралы баллада”, “Смуглянка”, “Темная ночь”, “Таляночка”, “Катюша”, “Журавли” әндері шырқалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сахнаға соғыс кезіндегі “Неміс тұтқындарының” кіруі көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік кеш Қайрат Абдуловтың орындауындағы “День победы” әнімен аяқталды.

Мейірім Парасат
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале