22.02.2025, 15:30
Оқылды: 384

Казталовта Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған өнер фестивалі өтті

Казталов ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты мекеме, кәсіпорын ұжымдары арасында өнер фестивалі бастау алды.

photo-output

Кеше С.Садықов мәдени-демалыс орталығында А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты мерекелік бағдарлама ұсынды.

Ұлы Отан соғысы тарих беттерінде жеңіске жету жолында батырларымыздың жанқиярлық ерліктерімен есте қалды. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңға жуығы әйел.

Жеңіс күні – ел үшін жанын пида еткен, туған жақындарына, ауылдарына оралмаған қаһармандарды еске түсіретін күн. Осы азаматтардың ішінен біздің елден, ауданымыздан Отанды қорғауға аттанған аға-апаларымыз қаншама?! Олардың еңбегі ұшан теңіз. Солардың қатарында Наден Сабиров, Темеш Малахов, Ниетқали Сармалаев, Ізбасар Ырысмағанбетов, Аткеш Тапешов, Сүлеймен Құрманғазиев, Софья Минкаева, Набиолла Майхиев, Құмар Жанғожин, Қожақ Неғметов, Сарсен Катимов, Нұғман Қыдыркешов, Хайырбаев Габдрашит, Құмар Ерахов, Ханафия Жангереев, Шамен Камашев, Арон Хасанов, Қалихан Хайдаров, Аубекер Адимов, Букей Махитов, Габдрашит Өтеғұлов, Джунус Джусупов, Рысқали Сармалаев, Матай Гусманов, Насиболла Баймұханбетов, Есмақ Тұрсынов, Ғиният Арыстанов.

image-22-02-25-11-41-3

Сахна шымылдығы Ш.Айтматов «Жер-Ана» повесі желісіндегі көрініспен ашылды. Мерекелік шарада «Жеңіс, жеңіс ғаламат күн», «Ана туралы баллада» әндері шырқалғанда көрермен көзіне жас алып, соғыс жылдарын еске түсіргендей болды.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Сол күндердің жаңғырығы елес берген сайын ерліктің мәңгілік екенін түсінеміз. «Табандылықтың атасы – татымды тәрбиеден  бастау алады», - деп  халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, қайсарлық пен батырлықтың  үлгісін көрсеткен ерлікке мың тағзым. Аға ұрпақтың ерлігін, өтелмес парызын жас ұрпаққа аманаттай отырып, ерліктің үлгісі болған майдангерлерді еске алу үшін 1 минут үнсіздікпен еске алды.

image-22-02-25-11-41

Зымыраған уақыттың қанатында міне, Жеңістің 80-нші көктемі де келіп жетті. Қаншама «Журавли», «Соғыстың соңғы әні», «Бейбітшілік сақталады», «Катюша» әндері көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар «Ерлікке тағзым» атты патриоттық сезімге толы поэзиясын мәнерлеп оқыды. Білектің күшімен, найзаның ұшымен келген бейбіт күннің құнын ұрпақтар қашанда бұл жеңісті бағалайтын болмақ.

image-22-02-25-11-41-2

Мерекелік кеш жеке дауыста Жасұлан Құлқайыров пен хордың орындауындағы «День победы» әнімен аяқталды.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале