7.06.2018, 11:19
Оқылды: 62

Қазталовта үш бағыт бойынша газ тарту жұмыстары басталады

Бұл туралы аудан әкімі Абат Шыныбеков Көктерек ауылдық округінің халқымен кездесуінде айтты.

Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек, Саралжын, Оразғали ауылдарында болған ашық есік шарасында  тұрғындарға ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар барысы айтылды.

Абат Абайұлы аудандағы 15 елді мекенге көгілдір отын тартылатынын да жеткізді.

-Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көтерілген бір мәселе –аймақтарды газдандыру бастамасы. Осыған орай, Талдықұдық, Талдыапан және Көктерек бағытында газ тарту жұмыстары осы маусым айынан басталады. Айта кетейік, аудан көгілдір отынмен 41 пайызға ғана қамтылған. Енді,міне, осы мәселе шешіліп, жалпы құны 603 млн.теңге тұратын үш бағытқа республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлініп жатыр.

Осы жұмыстар Көмекші-Көктерек-Оразғали-Жұлдыз бағытында басталмақ. Сондай-ақ қалған елді мекендердің жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале