22.05.2024, 23:33
Оқылды: 70

Казталовта ұстаз-аналарға құрмет көрсетілді

Қоғамда ұстаз атына лайықты білімнің шырағын жағып, шәкірт санасына сәуле шашып қоймай, отбасындағы бала тәрбиесін де қатар алып жүрген Ұстаз-аналар жетерлік. Сондай-ақ баласының білімі жолында, елінің кірпіші болып қалануына септігін тигізіп, мектеппен бірге иық тіресіп қызмет етіп жүрген аналарымыз да бар.

image-22-05-24-08-31-1

Әр ана өзінің баласының тұлға болып қалыптасуына, білім алуына, еліне, жеріне, Отанына адал қызмет етуіне себепші болып келеді. Осы ретте форумда Казталов ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Асыл Закарияқызы білім саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ аналарды бөлім басшысы Самал Қанапияқызының алғысхатымен марапаттады.

1

2

Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале