10.10.2024, 11:00
Оқылды: 16

Казталовта ұстаздармен кездесу өтті

Қай заман, қай дәуір болмасын адамзат баласының көзін ашып, көкірегіне нұр сәулесін құяр жалғыз мамандық ол – ұстаз болу. Сол себепті де адамзат үшін ұстаз деген ұлы есімнің қадір-қасиеті қашанда жоғары.

462280520_1037660251703533_4636904485723405162_n

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз.

Кеше Алма Оразбаева атындағы орта мектепте «Ұстаз аты – мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» атты «Қазақтанның еңбек сіңірген ұстазы», «Ы.Алтынсарин атындағы және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сңірген еңбегі үшін» төсбелгісін иеленген ауданымыздың ұлағатты ұстаздарының жас мамандармен кездесу кеші өтті.

462580792_1037663311703227_5046368320724960538_n

Кездесуде сөз алған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов:

– Ұстаз болу – қастерлі міндет. Ұстаз болу – өзгенің бақыты үшін өзіңнің алтын уақытың мен күш-жігеріңді сарп ету. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, ұлы тұлғалардың өзі ұстаздан тәлім-тәрбие алған. Былайша айтқанда барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Бүгінгі педагогтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, білімді шәкірттәр биелеу. Шәкірттерін облыстық, республикалық деңгейде өтетін олимпиадаларға даярлау. Оқушының қандай да бір жеткен жетістігі болса, ол ең әуелі ұстазымен бірлесіп жасаған жұмысының арқасы. Қажырлы да адал еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін, - деп ұлағатты ұстаздарға гүл шоқтары мен шипажайға жолдама табыстады.

Кештің қадірлі меймандары ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгі иегері, Қараөзен мектеп-лицейінің математика және физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Әлия Хайруллина, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептіңиматематика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Гүлбаршын Молдашева, «Білім және ғылымиқызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәісподағының төсбелгі иегері, Казталов мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Қырмызы Жунусова және «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері, Казталов-мектеп лицейінің бастауыш сынып пәні мұғалімі, педагог-шебер Шынар Темірғалиева қатысып, жас мамандарға еңбек жолдары мен жеткен жетістіктерін насихаттап, олардың үнеміиөзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру хақында әңгіме өрбітті.

Сондай-ақ әр ұстаз өзінің ұстаздық жолын бейнежазба арқылы көрсетіп, баяндады.

Кездесуге қатысқан жас мамандар да сауалдарын жолдап, ұстаздық жолдың қыр-сырына үңілді.

Сыр-сұхбат кеші жас өрендер мен жас мамандардың арнайы дайындаған мерекелік концертіне ұласты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шарада әсем әннен шашу шашылып, күмбірлете күй төгіліп, ақын өлеңдерінен поэзияға кезек берілді.

Әсем Болат

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале