18.06.2025, 23:47
Оқылды: 404

Казталовта үздік түлектерге лайықты құрмет көрсетілді

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің үлкен залында талабы мен таланты, білімі мен білігі тең түскен, бағы мен бабы қатар шапқан «Алтын белгі» иегерлеріне арналған «Жарқын болашаққа – жаңа қадаммен!» атты салтанатты шарасы өтті.

image-18-06-25-11-29
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева қатысты.

- Сіздерді еліміздің білім беру жүйесіндегі ең жоғары марапаттардың бірі – «Алтын белгі» иегері атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сіздердің мектеп қабырғасындағы жылдар бойы төккен маңдай терлеріңіздің, табандылық пен тынымсыз ізденістеріңіздің, ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үмітін ақтаған қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Бұл жетістік – тек өздеріңіз үшін емес, мектебіңіз, ұстаздарыңыз, туған өлкеңіз үшін де үлкен мақтаныш. Бүгінгі жетістіктеріңіз – болашақта алар асуларыңыздың алғашқы баспалдағы. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген. Сіздер де алдағы өмірлеріңізде осы құндылықтарды ту етіп, біліммен қаруланып, ел игілігіне еңбек ететін азамат боласыздар деп сенеміз. Қай уақытта да білім – ең үлкен байлық. Еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда. Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын! Сіздерге мықты денсаулық, биік мақсат, қажырлы еңбек пен толағай табыс тілеймін!, - деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

image-18-06-25-11-29-2
Биылғы оқу жылында аудан бойынша оқуда озат, білім мен тәртіпте үздік танылған 28 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Атап айтар болсақ, Бірік ЖОББМ-нің оқушысы Ақмаржан Шамғон, Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Айкүн Серікқалиқызы, Марианна Сағидуллина, Ақбота Масғұт, Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясынан Дархан Набидолла, Гүлзада Құмар, Казталов мектеп-лицейінен Айнагүл Есмұхан, Қарасу ЖОББМ-нің оқушысы Гүлназ Талапқызы, К.Мендалиев атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Саида Абуханова, Аяжан Абай, Жаңажол ЖОББМ-нен Дария Ғалымқызы, Ақерке Серік, Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінен Нұрайым Рахмет, Талдыапан ЖОББМ-нен Ұлпанай Бисенбайқызы, Дильназ Нәсиболла, А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Дана Сәбит, Аяулым Талапова, Саида Шамғон, Санжар Мұрат, Мейрамгүл Сейфолла, Бигелді Уақит, Бостандық ЖОББМ-нен Нұрсұлтан Жұмагерей, Аружан Серікқали, Даяна Амангелді, Қараөзен мектеп-лицейінен Бекзат Баделов, Дильназ Тілепберген, Әсел Сапар, Г.Бегалиев атындағы ЖОББМ-нен Гүлдана Балақай «Алтын белгіге» ие болды.

image-18-06-25-11-29-1

Мерекелік шарада аудан басшысы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Қайырлы Сағындықұлы, Казталов мектеп-лицейінің диреткоры Нұрлан Әділбекұлы, Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ-нің директоры Мәншүк Ізбасарқызы, К.Мендалиев атындағы ЖОББМ-нің директоры Салтанат Кәрімқызы, Көктерек ЖОББМ-нің директоры Гүлмайра Өтепқызы, А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің директоры Марал Әнуарбекқызына облысымыздың білім саласының дамуына үлесін қосып жүргені үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтің алғысхатын табыстады.

Шара одан әрі білім мен өнерді ұштастырған жастардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Білім биігін бағындарған жас өрендеріміздің 11 жыл алған білім нәрі мен биік шыңдарын, жеткен жетістіктерін Еліміздің үмітін арқалаған, білім мен еңбектің символына айналған «Алтын белгі» иегерлерінің жеткен жетістіктерін бейне экраннан көрсетілді. Қараш атындағы мектеп-гимназиясы түлегі Гүлзада Мерекеқызы.

image-18-06-25-11-29-3
Ғұмар Қараштың «Дос кім?» поэзиясын тарту етсе, К.Мендалиев ат.ЖОББМ түлегі Аяжан Роланқызы Джеймс Ласт "Полёт кондора" әуенін флейтада ойнады.

Жас түлектер жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале