26.09.2024, 23:09
Оқылды: 7

Казталовта ұжымдық бақша жақсы өнім беріп жатыр

Казталов ауданында бос жатқан құнарлы жерлерді игеріп, жергілікті өнім үлесін арттыру мақсатында биыл дәстүрге сәйкес 2 жыл қатарынан ұжымдық бақша егу жалғасын тапты.

IMG20240926165346

Ұжымдық бақша егу үшін Сарыөзен маңынан арнайы жер телімі белгіленді. Аудан орталығындағы барлық мекеме ұжымдары мен ниет білдірген аудан тұрғындары картоп, қарбыз және басқа да көкөніс өнімдерінің түрлерін егіп, жаз бойы жұмыстан тыс уақыттарында еккен өнімдерін суарып, күтіп-баптаған болатын.

Жалпы аудан бойынша ұжымдық бақшаның жер көлемі мен одан алынатын өнім көлемі де жыл санап артып келеді. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындары тарапынан табиғи және жергілікті өнім тұтынуға деген сұраныстың артқандығының көрінісі. Бұл өте қуантарлық жәйт.

IMG20240926170052

Биыл Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Сарыөзен өзені жанындағы Мышым қыстағындағы бақшаға мекеме ұжымдары картоп еккен болатын. Жаздай бақшаны кезекпен суарып, енді міне өнімін жинап жатыр. Биылғы жылы картоптың «Гала», «Вега», «Королева Анна» сұрыптары отырғызылды. Алдағы жылы ұжымдық бақша егу жұмыстары өз жалғасын табады. Ұжымдық бақша егуге ниет білдірген азаматтар болса ауылдық округ әкімінің аппаратына жолығуыңызға болады. Барлық аудан тұрғындарын ұжымдық бақша егуге және жергілікті өнім үлесін арттыруға атсалысуға шақырамыз.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале