"Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ - қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра"- деп қалың қазақтың Қадыры жырлағандай, домбыра – ұлтымыздың символы. Қазақ халқы бар да, домбыра да әр үйдің төрінен табылары сөзсіз.
Жақында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасы негізінде Казталов ауданы Жаңажол ауылының 2005 жылы мектеп бітірген түлектері үлкен бастама көтеріп, орталық алаңға "Домбыра" композициясын орнатты. Ұлттық символымызды паш ететін тұғырнаманың ашылу салтанатына ауыл тұрғындары қатысып, ақсақалдар батасын берді.
Елдігіміздің тұтастығын айқындайтын өнер туындысы болашақта ауыл ажарына сән беріп, ұлтжанды ұрпақтың келешегіне қызмет ете берері сөзсіз.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер