Бүгін Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымкн ерекше әрі тәрбиелік мәні зор «Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды. Салтанатты шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен мектеп оқушылары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев жас жеткіншектерді жаңа бастамамен құттықтап, бұл жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай бастамалар балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттырып қана қоймай, патриоттық тәрбие мен жауапкершілікке баулуда атқаратынын атап өтті.
Салтанатты шарада аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерген Тасқалиев сөз сөйлеп, жас құтқарушыларды құттықтады.
Ол өз құттықтауында бұл сыныптың ашылуы – балаларды төтенше жағдайларда әрекет етуге, өмір қауіпсіздігі негіздерін меңгеруге баулитын маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерген Тасқалиев жас құтқарушыларға арнайы куәліктер табыстап, оларға сәттілік тіледі.
Мектеп директоры өз сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, балалардың тек теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибе жүзінде де дағдыларды меңгеретінін атап өтті.
Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бұл бастаманы қолдай отырып, болашақта осы сыныптағы белсенді, білімді оқушылар төтенше жағдай қызметінде еңбек етуі әбден мүмкін екенін жеткізді. Сондай-ақ, құтқарушы болу – үлкен жауапкершілік пен жанқиярлықты қажет ететінін атап өтті.

«Жас құтқарушылар» сыныбының салтанатты ашылу рәсімінде лентаны аудандық білім беру бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерген Тасқалиев пен мектеп директоры Марал Төлекенова салтанатты түрде кесті.
Бұл маңызды сәт жас өрендердің бойында патриоттық сезімді оятып, азаматтық жауапкершілікті арттыру жолындағы жаңа бір белеске айналды.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы