17.06.2025, 0:00
Оқылды: 268

Казталовта жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін Казталов ауданы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры болып Бибі Арманқызы Уали тағайындалды.

photo-output

Уали Бибі Арманқызы 2001 жылдың 14 сәуірінде БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл ауылдық округі Нұрсай ауылында дүниеге келген.

photo-output

2023 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2022-2023 жылдары жауапкершілігі шектеулі серіктестерде әртүрлі қызметтер атқарған.

2023 жылы БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету және «Neet» санатындағы жастармен жұмыс бөліміне аға кеңесші;

2024 жылдың сәуір айнан бастап күні бүгінге дейін БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале