Қарбаласқа толы қаланың у-шуынан, таңертеңнен кешке дейін өтетін лекциялардан, практикалық сабақтардан босаған студенттер жазғы демалысты тиімді пайдаланып, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуда.
Қазталов ауданындағы «жасылелдік» 20 сарбаздың 10-ы Қазталовта, 10-ы Жалпақталда жұмыс жасауда.
Аудан орталығында жұмыс жасап жатқан 10 сарбаз Х.Жақып көшесіндегі өсіп тұрған тал-теректерді күтімге алып, тиісті жұмыстарын атқарса, енді ауылдың басқа жеріндегі саябақтардағы жұмыстарын жалғастыруда.
-Оқу мен еңбекті ұштастыра білген жастар берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындауда, -дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов.
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz