1.10.2024, 22:44
Оқылды: 166

Казталовта "жедел жәрдем" қызметіне жаңа көліктер берілді

Мемлекет тарапынан халық денсаулығын жақсарту мақсатында барлық жағдай жасалынып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында "Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт саулығы жақсы болса қоғам орнықты дамиды" және ауылдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту үшін жаңа медициналық нысандар салу, қазіргі бар нысандарды жаңғырту, замануи жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық кадрларды даярлаумен оларды ауылдық аймақтарға тарту мәселесін де нақты атап өткен болатын.

image-01-10-24-06-35-1

1 қазан күні алыс-жақын жерлермен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз жүре алатын "Газель собол" автокөлігінің кілті Болашақ ауылдық округіне қарасты ауылдық дәрігерлік амбулаториясына, Қошанкөл ауылдық округіне қарасты дәрігерлік амбулаториясына және Қараоба ауылдық округіне қарасты ауылдық амбулаториясына табысталды.

Науқастарды тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

InShot_20241001_221009122

- Денсаулық саласында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Былтырғы жылы халық игілігіне дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілген болатын. Облыстық бюджеттен денсаулық сақтау саласына автокөлік алып беру мәселесіне жалғасын тауып отыр, - деді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов.

Денсаулық сақтау саласының ардагері Ерсайын Тасболатов ауыл тұрғындарынан атынан құттықтау сөз сөйлеп, қолдау білдерген жандарға алғысын білдірді.

Салтанатты шара Аманжол Қамжановтың "Қазақтай ел қайда" әнімен аяқталды.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале