7.08.2018, 10:35
Оқылды: 110

Қазталовта жетпістен асқан ақсақал қол орақпен екі тонна шөп шапты


Бұл суретте қолына шалғы-орақ ұстап, қырдан, ордан малына шөп дайындап жатқан 73-ке «аттап» бара жатқан Темірболат Нұғманов.  Шалғы орақпен шөпті орғанда қимылы «Ойхой, жиырма бес!» деп айқайлап жүргендерді орта жолда қалдырады. Ал шындығы керек «жиырма бестер» көшеде сыраның шөлмегінен құралған «қызметтерін» жасап жүргендерін көзіміз көріп жүр.


 мал азығы (2)

- Мен баяғыдан қол орақпен шөп шауып жүрмін. Денсаулыққа да пайдалы. Бүгінгі күнде екі тоннаға жуық шөп дайындадым. Ал бір қызық айтайын, жолдастарым  Талап Мұқанов пен Хамит Дәулетов,- Тәке, бұзауға шөп керек еді, -дегесін оларға да шөп шауып бердім,-деді.

          Міне, еңбек! Үйіміздің ауласындағы өсіп кеткен алабота Сібірдің ну орманын да артқа тастағанын ескерсек, осындай шаршамайтын ағалардан үлгі алатын нәрсе көп-ау...

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале