22.10.2025, 22:00
Оқылды: 214

Казталовта жігерлі жастар спорт алаңында бақ сынады

Бүгін Казталов аудандық спорт кешенінде 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиадасы өтті.

image-22-10-25-08-40-1

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысушыларды мерекемен құттықтап, спорттық бәсекеде сәттілік пен жеңіс тіледі.

Спорттық додаға облыстың Ақжайық, Қаратөбе, Шыңғырлау, Тасқала, Жәнібек, Сырым, Бөкей Орда, Жаңақала, Бөрлі және Казталов өкілдерінен командалар қатысты.

Жарыс бес кезең бойынша, атап айтсақ шағын футбол, садақ ату, үстел теннисі, бес асық, арқан тартыстар бақ сынады.

Ашылу рәсімінде Мәрлен мен Абайдың орындауындағы «Қазағым» әні қатысушыларға ерекше рух пен жігер сыйлады.

Теннис бойынша:

🥇І орын Ерсінбек Дәулетқалиев (Жаңақала ауданы)
🥈 ІІ орын Рысбек Жаналиев (Ақжайық ауданы)
🥉ІІІ орын Жантөре Мақсатов (Шыңғырлау ауданы)

⚽️ Футбол бойынша:

🥇І орын Шыңғырлау ауданы
🥈ІІ орын Жаңақала ауданы
🥉ІІІ орын Сырым ауданы

“Үздік қорғаушы” номинациясымен Мейрамбек Масалиев (Жаңақала ауданы), “Үздік қақпашы” номинациясымен Саламат Бақтығалиев (Шыңғырлау ауданы), “Үздік шабуылшы” номинациясымен Жасқанат Ерсайынов (Бөрлі ауданы) марапатталды.

photo-output

Бес асық бойынша:

🥇І орын Самал Тлегенова (Казталов ауданы)
🥈ІІ орын Фариза Серік (Қаратөбе ауданы)
🥉ІІІ орын Динара Сүлейменова (Тасқала ауданы)

Садақ ату жарысы (ерлер арасында):

🥇І орын Ерасыл Сатыбалдиев (Казталов ауданы)
🥈ІІ орын Алтынбек Болатов (Жаңақала ауданы)
🥉ІІІ орын Нұрлыбек Қайыржанов (Шыңғырлау ауданы)

Садақ ату жарысы (қыздар арасында):

🥇І орын Бибі Арманқызы (Казталов ауданы)
🥈ІІ орын Сымбат Жұбаниязова (Шыңғырлау ауданы)
🥉ІІІ орын Жұлдаз Рахимберлиева (Жәнібек ауданы)

Арқан тартыс бойынша:

🥇І орын Казталов ауданы
🥈ІІ орын Жаңақала ауданы
🥉ІІІ орын Қаратөбе ауданы

Жалпы командалық есепте І орынды Казталов ауданы, ІІ орынды Жаңақала ауданы, ІІІ орынды Шыңғырлау ауданы иеленді.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале