18.12.2025, 22:00
Оқылды: 10

Казталовта «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды

Бүгін Казталов ауданында жастардың еңбегі мен белсенділігін дәріптеуге арналған дәстүрлі «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

photo-output

Салтанатты кеш «Анашым» мейрамханасында ұйымдастырылып, ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып жүрген үздік жастарға ерекше құрмет көрсетілді.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Қайрлиев, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Меңдіжанұлы Молдашев, аудан жастары мен құрметті қонақтар қатысты.

Биылғы «Жыл үздігі» жастар сыйлығы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, ауданның дамуына әр сала бойынша үлес қосып жүрген жастар 18 номинация бойынша марапатталды.

Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы Қайрлиев сөйлеп, жастарды жетістіктерімен құттықтап, оларға толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, жастар саясатының жүзеге асырылуы мен мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен тоқталды.

photo-output

«Жыл үздігі – 2025» жеңімпаздары:
1. «Үздік жас ұстаз» – Қараөзен мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кушеғалиев Алтынбек Абайұлы;
2. «Үздік жас медицина қызметкері» – аудандық №2 аурухананың физиотерапевт және кинезиотерапевт дәрігері Жалелов Нұртас Мұратұлы;
3. «Үздік жас мемлекеттік қызметші» – Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Стамғазиева Ақманар Жұмажанқызы;
4. «Үздік жас полиция қызметкері» – Казталов ауданы полиция бөлімінің көші-қон полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Магзумов Райымбек Сағадатұлы;
5. «Үздік жас мәдениет қызметкері» – аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшісі Мұхамбетжанова Гүлдар Қайратқызы;
6. «Үздік жас кітапханашы» – Қошанкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бисенова Ақерке Ахмедиярқызы;
7. «Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері» – Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәдени шара ұйымдастырушысы Мағжан Дәулет Жасқайратұлы;
8. «Үздік оқушы» – А. Оразбаева атындағы ЖББОМ-нің 11-сынып оқушысы Талапова Дана Серікқызы;
9. «Үздік жастар ресурстық орталығының қызметкері» – аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы Тлегенова Самал Нұржанқызы;
10. «Үздік жас шекара қызметкері» – Қосөзен шекара бөлімшесінің аға барлаушысы Мұқатов Мерей Еркінұлы;
11. «Үздік жас өрт сөндіруші» – №11 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Нұғманов Айбар Асланұлы;
12. «Үздік жас волонтер» – Казталов мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Булхайрова Құндыз;
13. «Үздік жас кәсіпкер» – «BOSTON Barbershop» ерлер шаштаразының негізін қалаушы Мақсотов Нүркен Марсұлы;
14. «Үздік жас мал дәрігері» – Нұрсай ауылының мал дәрігері Батырбай Нұрым Біржанұлы;
15. «Үздік жас электр саласының маманы» – аудандық электр торабының жедел диспетчерлік тобының кезекшісі Сабитов Нұржан Аргенұлы;
16. «Үздік жас газ саласының маманы» – «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ БҚО өндірістік филиалы Жалпақтал газ шаруашылығының слесары Төлегенов Александр Жылқыбайұлы;
17. «Үздік жас спортшы» – Көктерек ЖББОМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Меңдешов Бегайдар Нұрбекұлы;
18. «Жыл жаңалығы» – Семей қаласынан Қарауылтөбе ауылына дейінгі 180 шақырымдық ультрамарафонның жеңімпазы Ильясов Баубек Мендіханұлы.

Кеш барысында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары мен халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері концерттік бағдарламасын ұсынды.

«Жыл үздігі – 2025» – бұл тек марапат қана емес, аудан жастарының еңбегіне берілген жоғары баға әрі жаңа белестерге жетелейтін үлкен мотивация. Казталов жастары алдағы уақытта да аудан дамуына өз үлестерін қоса бермек.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале