5.11.2020, 9:10
Оқылды: 248

Казталовта жылқы мүсіні ашылды

Қаймағы бұзылмаған қошанкөлдік ағайын үшін қарашаның 4-і тамаша күн болды. Сол елге табан тіреген біздер ауылдағы бір емес, үш бірдей игі істің куәсі болдық.

123747652_987095335033688_10699265418688558_n

Қошанкөл десе алдымен жүзден жүйрік жылқы еріксіз еске оралады. Жөні бар. Өйткені бір жылдары облысымыз бойынша алғаш рет «Сәйгүлік» мұражайы осы қасиетті жерде ашылған болатын. Содан бері қанша жыл өтсе де ауылдағы ағайын жылқы малын дәріптей түсуден алыстаған емес. Бүгінгі істе соның бір айғағы деп білеміз.

Ауылдың кіре-берісінде көрініс тапқан ерекше архитектуралық нысан алыстан көз тартады. Адам жанына рух сыйлап, дала дүбірін сағынған адамзатты тартып тұрады. Бұл  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстың бір парасы. Ерекше жылқы малына арналған архитектура мектеп мұғалімі Зейнұр Зейінұлының қолынан шыққан туынды. Сондай-ақ жылқы малын атадан балаға жеткізіп келе жатқан ауыл азаматы, «Қарасу» шаруа қожалығының жетекшісі Ғайса Жұмағалиев ағамыздың қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асқан істің бірі. Ағамыз қазіргі таңда бие сауып, кәсіпке айналдырып бүгінгі ұрпаққа мирас етуде.

123774345_987095725033649_424475929685238740_n

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бағдарлама аясында барлық ауылдық округте атқарылып жатқан жобаларға тоқталып, архитектураға зор үлестерін қосқан азаматтарға аудан әкімінің алғысхатын табыстады.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале